Тараз. 17 қаңтар. 77news — Әлемге әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньо спорттағы мансабын аяқтады. Бұл туралы футболшының ағасы Роберто Ассис хабарлады.

37 жастағы аяқдоп шебері соңғы рет ресми ойынға 2015 жылдың қыркүйек айында «Флуминенсе» командасы сапында алаңға шықты. Ал спорттық мансабында «Керетаро», «Атлетико Минейро», «Фламенго», «Милан», «Барселона», «Пари Сен-Жермен» және «Гремио» командаларында ойнаған. «Барселона» футбол клубының сапында екі рет Испания чемпионы және бір рет Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды. 2005 жылы «Алтын допты» иеленді. Бразилия құрамасы сапында Америка кубогын, әлем чемпионаты мен Конфедерация кубогын жеңіп алды. ФИФА таңдауы бойынша екі рет жылдың үздік футболшысы атанды.