Фото:АиФ

Ақтөбе. 18 қаңтар. 77news — Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар мінген автобус өртеніп, салдарынан Өзбекстанның 52 азаматы қаза тапты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz

«2018 жылы 18 қаңтарда 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде Ikarus маркалы автобус өртенді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған», — деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар, 5 жолаушы автобустан шығып үлгерген, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалған 52 адам оқиға орнында қаза тапқан.