Тараз. 19 қаңтар. 77news — Таразда  тоғызқұмалақтан  облыстық жарыс басталды. Білек күшімен емес, ой сайысына түсіп жатқан ойыншылар, ұлттық спорттан кіл мықтыны анықтауда. 

4 күнге жоспарланған сайысқа бас аяғы 8 құрама, 6 ауданнан болса, 2 облыс орталығынан қатысып  отыр. Жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Ең кіші қатысушы 7 жаста болса, ересегі 50 алқымдаған, бас-аяғы 62 қатысушы бақ сынасты. Әуесқойдан бастап спорт шеберіне дейін ұлттық ойындағы шама-шарықтарын анықтап көрді. 

Жарысқа қатысушы Жанерке Жетен, — Жарыс тартысты өтті. Бүгінге дейін біршама қарсыластарымды ұттым. Алдағы кездесулерде де жеңіске жетемін деген сенімдемін. Жамбылдың атынан Қазақстан чемпионатына барғым келеді, — дейді.

Бәсекенің басты мақсаты, облыс мықтыларын анықтап, өңірдің құрамасын жасақтау. Бұл жерде ойы озық боп, бағы жанғандар, Алматыға аттанбақ. 5-12 ақпан аралығындағы ел біріншілігінде өңір намысын қорғайтын болады. Айта кетейік, облыс чемпионаты апта соңы сенбіге дейін жалғасын табады.