Тараз. 20 қаңтар. 77NEWS — Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика  және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қарасты кейбір мекеме жоспарды артығымен орындаған. Бұл туралы басқарманың есептік жиналысында айтылды, — деп хабарлайды 77NEWS ақпарат агентігі. Жиында 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы баяндалып, алдағы жылға жоспар жасалды.

Жылыту маусымына 795 білім, 409 денсаулық сақтау, 534 спорт, әлеуметтік-мәдени нысандары және 1608 көпқабатты тұрғын үйлер жылу энергиясын қабылдауға дайындалған.  Сонымен қатар, 463 қазандықтар қайта жаңғыртылып, 333,0 шақырым жылу,  13715 шақырым электр желілері орнатылған. Барлығы 4548 шақырым газ құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеуге жоспарланған 20 шақырым су желілері, 6,45 шақырым кәріз желілері дайындалды.

Облыстың бюджеттік  мекемелерінде қажетті 69,9 мың тонна көмір және тұрғындарға қажетті көмір көлемі 331,7мың тонна толық дайындалған. Осы мақсатта өткен жылдың жоспарына сәйкес басқармаға 10 858,17 млн теңге қарастырылған. Бұл 43 жобаға бөлінген қаржы, 28 нысан бойынша жұмыс жасалып, 15 нысан 2018 жылға қалдырылды.

2017 жылыдың қортындысы бойынша, жаңартылатын энергия көздері  нысандарымен өндірілген электр энергиясының көлемі 304, 3 млн.кВтс құрады, яғни 10,2% өндірілді.  Биылғы жылы бұл жоспарды  15% жеткізу жоспарлануда.

Өткен жылдың қортындысы бойынша, облыстағы жылу энергетика кәсіпорындарымен 1045,8 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген. Осы жылы Тараз қаласындағы жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады. Ол үшін республикалық және облыстық бюджеттен 11 646,9 қаржы қарастырылған.

Газдандыру жоспарын іске асыру мақсатында өткен  жылы  3 млрд. 350,0 млн. теңгеге құрлыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар бес ауданының алпыс тоғыз елді мекенін газдандыруға жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Биыл Талас ауданы Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр елді мекендеріне және Сарысу ауданы Тоғызкент, Әбділда, Майлыкөл Досбол елді мекендеріне газ келтіру құбырларының құрлысы жүргізіледі.

Жылыту маусымына орталық жылу жүйесіне қосылған 1608 көппәтерлі тұрғын үйлер дайындалып, барлығына паспорттар берілді. ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы аясында жалпы 3 374,036 млн. теңгеге 241  үй жөнделді.

Биыл жылдың қаңтарына дейін  81,2 % жалпы үйлік жылу энергиясын есептейтін құралдар  орнатылған.