Фото:Алау-ТВ

Тараз. 22 қаңтар. 77news — Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек батыста, солтүстік-батыста кей жерлерде аздаған қар жауады. Бірнеше облыста қатты аяз болады, деп хабарлайды Baq.kz.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік батыста кей жерлерде жаяу бұрқасын болады. Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жел 18 м/с, түнде жаяу бұрқасын болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40°С24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде -35°С болады.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С жетеді. Астана қ: 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С болады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы — 95 %.

Ауа-райына байланысты Павлодарда 1-11 сыныптар және қала колледжіндегі бірінші курс студенттері үшін сабақ болмайды. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола облысында 1-11 сынып оқушыларына мектепке келмеуге рұқсат берілді. Астана қаласында барлық мектеп оқушыларымен қатар колледждегі бірінші ауысымда оқитын 1-2 курс студенттері, Қостанайда және Өскеменде 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды. Ал Семейде барша оқушылар мен студенттер оқу орнына келмейді.