Фото:© AP Photo / Rahmat Gul

Астана. 22 қаңтар. 77news — Ауғанстан астанасы Кабулдағы қонақүйге шабуыл барысында Қазақстан азаматы қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан СІМ-нің баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

«1978 жылы туылған Қазақстан азаматы Кабулдағы  Intercontinental қонақүйіндегі шабуыл кезінде қайтыс болды. Қаза болғанның жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз», — деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

Захваченный боевиками отель в Кабуле
© AFP 2018/ WAKIL KOHSAR
Баспасөз қызметкерінің атап өтуінше, қазір қазақстандық дипломаттар Ауғанстандағы қауіпсіздік қызметі мен СІМ-мен байланыста. Алдағы уақытта марқұмның мәйітін елге жеткізу мәселесі шешіледі.
Белгілі болғандай, 5 адамнан тұратын қаруланған топ сенбі күні кешке  Intercontinental Hotel-ге басып кірген. БАҚ-тың мәліметінше, 18 сағатқа созылған шабуыл нәтижесінде 43-ке жуық адам қайтыс болды. 126 адам құтқарылды, оның 41-і  шетелдіктер. Кейінірек «Талибан» радикалды қозғалысы шабуылға жауапкершілікті өз мойындарына алды.