Фото: интернет

Тараз. 22 қаңтар. 77news — Қытайдың Цзянси провинциясында кірпіш зауытының иесі жұмысшыларына жалақысын өндірген тауарымен төлеген. 30-ға жуық қызметкер міндетті еңбекақыларын кірпішпен алған деп жазады жергілікті «Цзянси жибао» басылымы. 

Кәсіпкер мигрант жұмысшыларға 900 мың юань көлеміндегі қомақты сома қарыз болады. Олар жергілікті биліктен көмек сұрап, провинция әкімдігі кәсіпкерді жалақы төлеуге міндеттейді.

Зауыт басшысы жергілікті биліктің бұйрығынан ары аса алмай, қызметкерлерінің алдындағы қарызын кірпішпен төлеген екен.