Тараз. 22 қаңтар. 77news — Қысқы олимпиада ойындарының басталуына небәрі 18 күн қалды. Осыған орай «Болашақ» медициналық колледжінің ұжымы  дүбірлі дода да ел намысын қорғайтын спортшыларымызға қолдау көрсету мақсатында спартакиада өткізді.

Биылғы олимпиада Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтпек. Ал, бүгінгі жарыс 22-24 қаңтар аралығын қамтиды. Медицина мамандарын даярлайтын ұстаздардан құралған 4 команда қысқы спорт түрінің 5 бағыты бойынша сынға түспек.  Тіпті, сайыстың әділ өтуі үшін, төрешілерді өзге жоғарғы оқу орындарынан арнайы шақыртып отыр.  Айта кету керек, білім ордасының қабырғасында дәстүрлі түрде өткізілетін сайыс студенттердің қысқы демалысқа шыққан уақытымен орайластырылып отырады екен.