Тараз. 22 қаңтар. 77news — Бүгін есірткі бизнесінің көркін қыздырған қылмыстық топтың ісіне соңғы нүкте қойылды. Қылмыстық топ өкілдері он алты жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды 77NEWS ақпарат агентігі.

Естеріңізде болса, көлеңкелі кәсіптен көл көсір табыс тапқан туысқандарды тоғыз ай бұрын құзырлы орган қызметкерлері құрықтаған еді. Міне, бүгін сот үкіміне сәйкес сыған ұлтынан құралған қылмыстық топ өкілдері өмірлерінің 16 жылын темір торда өткізетін болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісіне ең ұзақ мерзім беріліп отыр. Наталья Хорн ҚР ҚК 262 бабы 1 бөлімі және 297 бабының 4 бөліміне сәйкес 17 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, топтың өзге мүшелері 15 жыл 6 айдан алып отыр. Қылмыскерлердің кінәсі толық дәлелденген.