Фото: YouTube

Тараз. 23қаңтар. 77news — Құқық қорғау қызметін цифрландыру аясында тергеушілердің ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымовтың айтуынша, алдағы уақытта «Тергеуші» атты автоматтандырылған ақпараттық жүйені іске қосу жоспарланған. «Соның аясында барлық тергеушілер мен істі анықтаушы мамандарды жеке планшеттермен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Осылайша, қылмыстық істерді тергеуді жылдамдатып қана қоймай, осы саладағы жұмыстың сапасын арттыруға болады. Тергеушілер мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық базаларына бірден кіре алады. Сондай-ақ, оларға нақты қылмыстық іске қатысты әдістемелік материалдар жіберіліп тұрады», — деді Қ.Қасымов.

Министрдің сөзіне қарағанда, жаңа ақпараттық жүйенің арқасында қылмыстық істі тергеу уақытын барынша қысқартуға болады. Бұдан бөлек, қылмыстық істерді тергеу жұмысын бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Аталған жобаның жалпы құны — 2,4  млрд теңге.