Фото: Город Тараз

Тараз. 23 қаңтар. 77news — Биыл Тараз қаласының сәулеттік кескін-келбетін жаңарту жұмыстары қолға алынады. Оған шаһардағы кәсіби сәулетшілер мен дизайнерлердің туындылары тартылмақ. Осы  тұрғыда облыс басшысы Асқар Мырзахметов сала мамандарына нақты жоспар әзірлеуді ескертті, — деп хабарлайды 77news облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін өткізу кезінде көркі көз тартар ғимараттар, ескерткіштер мен демалыс алаңшалары салынды. Биыл бұл жұмыс ары қарай да жалғасын табады. Өнер және мәдениет нысандарын салу қолға алынады. Ғимараттардың сыртқы қасбеттерін ретке келтіру мен көшелерді әрлеуде Астана, Алматы, Шымкент қалаларының тәжірибесі басшылыққа алынады. Мұнан бөлек, аталған басқарма шаһардағы тұрғын үйлердің, ғимараттардың шатырларын, қабырғаларын біріздендіру бағытында шаралар қабылдайды. Облыс орталығында қала көшелерінің атауы көрсетілген тақтайшалар орнату да жоспарға енгізілмекші. Тараздың сәулеттік кескін-келбетін жақсарту жұмыстарына аймақтағы ірі мекемелер мен ұйымдар да тартылатын болады