Фото:nur.kz

Тараз. 23 қаңтар. 77news — Шығыс Қазақстан облысында қазақстандық ең жас маскүнем тіркелді. Алты жасында алкогольге тәуелді бала қазір емдеу мекемесінде жатыр, — деп хабарлайды 77news ақпарат агентігі

Ата-анасының салғыртығы баланы маскүнем еткен. Үйдегі отырыстан кейін үстел үстінде қалған қалдық ішімдіктер баланың «игілігіне» кетіп отырған. Нәтижесінде бүлдіршін алькогольге тәуелді бола бастаған. Тіпті соңғы рет қатты мас болғаны соншалық, ол оянбай қалған. Сол себепті алты жасар арақ құмар ауруханаға жеткізілген.

«Бұл балаға әртүрлі ем-дом шаралары жасалды. Оның тәрбиесіне, дамуына көңіл бөлініп, қолдан келгенше емдеп жатырмыз», — дейді психоневрологиялық диспансердің бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Людмила Кошелец.

Әзірге Өскемендегі алты жасар баланың тәрбиесі мен тәртібіне байланысты кімге қандай шара қолданылатыны белгісіз.

Жалпы елімізде кәмелет жасына толмағандардың ішімдік ішіп, есірткі мен психотроптық заттарды қолданғаны үшін ата-аналарға жарты млн-ға дейін айыппұл салынады.