Фото:Baq.kz

Тараз. 24 қаңтар. 77news — Күн райының күрт сууына байланысты Жамбыл облысында биыл алғаш рет мектептерде сабақ өткізу тоқтатылды, — деп хабарлайды  77news тілшісі. 

Облыс орталығынан тысқары орналасқан Мойынқұм ауданындағы мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл аудан облыстағы суық әрі қарлы мекен болып саналады. Өңірде алғаш рет ауа температурасы минус отыз градусқа жуықтаған. «Бүгін, яғни 24 қаңтарда Мойынқұм ауданындағы 15 бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Егер басқа аудандарда ауа температурасы 25 градустан төмендейтін болса, ол жақта та оқушылардың мектепке баруы шектелетін болады», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмахамбетова.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК филиалы қаңтар айының соңында Тараз қаласы мен Жамбыл облыстарында қатты суық болатындығын болжаған. Апта соңына қарай күн  райы қалай құбылатынын Қазгидромет сайтынан біле аласыздар.