Тараз. 24 қаңтар. 77news — Қайдасың деп ән шырқап, қазақ  жігіттерін іздеген Ерке Есмахан  инстаграм парақшасында өзін Роза Бағлановаға теңепті, — деп хабарлайды 77news тілшісі.

        

Әндері мен бейнебаяндары арқасында «миллион» жинған миллионер әнші Ерке Есмахан парақшасында өзін атына заты сай екенін айтып, «Ерке» деп ат қойған ата-анасына, өнерін сыйлап биікке көтерген халқына алғысын жеткізді.

Ерке өзінің еркелігінің арқасында шетелдегі ер азаматтардың да көңілін өзіне аударып жүрген көрінеді. Бұл туралы ол өзінің еркелік туралы постында хабарлады.

           

Жүрген жерінде жалғызбасылығын жасырмай айтып жүретін ерке Еркенің сүйіктісі де пайда болғанға ұқсайды. Соңғы кездері Әли Байжұматовпен көп кездесетін болыпты. Мұны инста-достары байқап қалғанға ұқсайды.