Тараз. 24 қаңтар. 77news — Қолыңыздағы қалта телефонымен қиялға ерік беріп, небір керемет туындыны дүниеге әкелуге болатынын білесіз бе? Мұны бірі білсе, бірі білмес. Тек қиял мен ойы ұшқыр жандар ғана шығармашылықтың шыңына шыға алады. 

Қиялы мен шеберлігін ұштастырған «77TV» телеарнасының  режиссері Дулат Шықпанбетов үйдегі аспа шамның қарапайым ел көре алмайтын тұстарын көркем көрсете білген.

Ал, аталмыш телеарнаның таспагері Шыңғысхан Кеңесхан қарапайым қалта телефонымен табиғи құбылыстың тамаша бейнесін сәтті түсіре білген.