Фото: Газета "Спектр"

Тараз. 26 77news — Төтенше жағдайлар департаменті, Жамбыл облысы және Тараз қаласында ауа-райы температурасының төмендеуіне байланысты аяз күндері сақтық шараларын қатаң сақтауға үндейді, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі.

Осы ретте мынадай сақтық шараларын ұсынады.

— ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты жіті қадағалаңыз;

— ауа-райының өзгеруі бойынша киім киіңіз;

— алыс жолға мүмкіндігінше шықпауға тырысыңыз;

— аяз кезінде балаларды далаға шығармаңыздар;

-жылыту пештері мен тұрмыстық жылыту құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!

Төтенше жағдай туындаған болса, «112» нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрауға кеңес береді.