Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз. 26 қаңтар.  — Жамбылда жаппай жұртты үсік шалып жатыр. Ауа-райының күрт сууынан бір айдың ішінде 40-қа жуық тұрғын үсіп қалған,- деп хабарлайды 77news.kz тілшісі облыстық жедел жәрдем станцасының мәліметіне сүйеніп.

Мамандардың сөзінше, емханаға жүгінгендердің барлығына дерлігі алкагольдік ішімдікті шамадан тыс пайдаланғандар екен. Сыртта қалған жандардың жағдайын көбіне қырағылық танытқан халық хабарлайды, — дейді ақ халаттылар. Қазір ем қабылдап жатқандардың бірі, Зербұлақ демалыс аймағынан табылса, ендігісі «қаңғыбастарды бейімдеу орталығына» жете алмай, ес-түссіз жатқан жерінен табылған. Олардың ең жасы 19-да, үлкені 55-тегі тұрғын болып отыр.

Айта кетер жайт, қатты аяздан қатып қалған тағы бір үй-күйсіз тараздық, бүгін көз жұмған. Ал, қалғандарына «тұла бойдың толық үсуі» диагнозы қойылып, тиісті шаралар қолданылып жатыр.  Қазгидромет филиалының ескертуінше, өңірде үсікірік аяз 30-шы қаңтарға дейін сақталады. Қазірдің өзінде бұл көрсеткіш, 28-30 градусты көрсетіп тұр. Сондықтан мамандар, сақтық шараларға баса көңіл бөлуді ескертіп отыр.