Фото: Замир Әуелбековтың инстаграм парақшасынан

Тараз. 28 қаңтар. 77news — Қазақстандықтар үшін сүйінші хабар. Жерлестеріміз Индия мемлекетінде өткен I-ші International art Voice байқауынан алғашқы орындарды иеленді, — деп хабарлайды 77news AA Замир Әуелбековтың инстаграм парақшасындағы мәліметіне сүйеніп. 

Әлемдік өнер додада ерлер арасындағы ән сайысы бойынша Замир Әуелбеков Гран-при жүлдесін қанжығасына байлады.

Ал аспаптық бағытта домбырамен индиялықтардың таңдайын қақтырған Қуат Рахманбердиев орындау шеберлігі бойынша I-ші орынды иеленген.

Сондай-ақ, аталмыш байқаудың қыздар арасындағы сайысында Айша Бошқұлова I-орынды жеңіп алды.

Замир Әуелбеков өз жазбасында үкілеген үмітті артқан еліне, ата-анасына алғысын жеткізді. Және  алар асуының әлі алда екенін айтты.