Фото: 77news

Тараз. 29 қаңтар. 77news  — Аймақтағы барлық емханалар мен  облыстық диспансерлерде жатыр мойын ісігі бойынша  ашық есік апталығы басталды, — деп хабарлайды 77news АА тілшісі.  

27 қаңтар мен 3 ақпан аралығында өтетін ашық есік күнінде әйелдер толық тексеруден өтіп, онкогинеколог дәрігерден тегін кеңес ала алады.  Жалпы, жыл сайын бүкіл дүниежүзі бойынша  500 мыңнан астам әйелдер жатыр мойыны ісігіне шалдықса, оның 260 мыңы дертіне дауа таба алмай көз жұмаған. Дені дамушы елдерде кездеседі. Ал, біздің елде әйелдер онкологиясының құрамында жатыр мойны қатерлі ісігі сүт безі ауруынан кейін екінші орын алады. Жылына осы дерттен 1700-ден адам ем алса, соның 600-ге жуығы ажал құшады. Көбінде бұл ауру 40-44 жаста келеді екен. Дәрігерлердің айтуынша, осы патологияның жиілеуінің себебі қыз-келіншектердің гинекологқа тұрақты қаралмауынан екен.