Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз. 29 қаңтар. 77 news — Қазақстанның бірнеше облысында әлі де қатты аяз сақталып отыр, — деп хабарлайды 77news тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін және жақын арадағы екі тәулікте 30-31 қаңтарда температура фонының төмендеуіне және мұз түзілімінің күшеюіне байланысты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында және Сырдария өзенінде мұз кептелуінің қалыптасуы, су мөлшерінің жоғарылауы, судың тасуы мен су деңгейінің көтерілуі мүмкін», — деп хабарлады синоптиктер.

«Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдерінде желдің екпіні секундына 18-23 метр болып, түнде кей жерлерінде тұман түседі», — деп ескертеді мамандар.