Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз. 29 қаңтар. 77news — Таразда «Томирис» драмасы сахналанды.  Спектакль  Болат Жандарбековтың «Сақтар» романына негізделген. 

Фото: Ақәділ Рысмахан

Екі бөлімнен тұратын қойы­лымда сақ патшайымы Томиристің ерлік жорықтары кеңінен суреттеледі. Ал, көріністер парсы патшасы Кирдің түсінен шошып оянуынан басталады.

Фото: Ақәділ Рысмахан

Бір жарым сағатқа созылған драмада Томирис өз қалауымен батыр жігіт Рүстемге тұрмысқа шығады. Екеуінің қосылуын символдық әдістермен көрсетуде режиссердің  шебер­лігі табысты болған.

Көнеден келе жатқан мәліметтер бойынша Томирис  — ежелгі сақ-массагеттердің көсемі болған. Томирис  өжет, батыл патшайым болған.  Осындай қырлы кейіпкерді шынайы  жеткізе білген  əртіс  Анар Сағымбековаға көрермен өз алғыстарын жеткізді.

Фото: Ақәділ Рысмахан

Тарихи шығарманың қоюшы-режиссері Дина Жұмабекова.  Драманы сахналауда режиссер  романның түпкі  оқиғасынан алшақтамай, өзіндік  бояу,  сахналық қиялға ерік берген. Ал, қойылымнан  көрермен еркеше əсер алып, рухани байып тарқасты.