Қақаған қыста үйсіз қалды

0
106

Тараз. 29 қаңтар. 77news — Жамбыл облысы Қаратау қаласында бүтін бір отбасы қыстың көзі қырауда далада қалды. Айталық, жеке тұрғын үйден өрт шығып, қызыл жалын қаратаулық жанұяны панасыз қалдырды, деп хабарлайды 77news ақпарат агенттігі.

Айдың-күннің аманында өршіген тілсіз жау, электр сымдарының тұйықталуынан болған.Оқиға орнына төтеншеліктер мен электр мамандары жедел жеткенімен жалынды ауыздықтау мүмкін болмаған. Бір сәтте шыққан өрт, баспананың тек қаңқасын қалдырыпты. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Айта кетейік,  бұл отбасында 9 адам бар. Оның 6-ы бала, 3-і ересек. Зейнет жасындағы жан да бар.  Қазір зардап шегушілер, көрші-қолаң туыстардың үйін пана етуде. Оларға  әлеуметтік желідегі еріктілер, мейірімді жандар көмек қолын созуда. Бүгінге дейін жергілікті биліктен қолдау көрсетілмеген.