Тараз. 31 қаңтар. 77news — Кір жуатын машина біздің  өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Тіпті адамның кір жуатын машинасыз қалай өмір сүргенін елестету қиын. Бүгінде киімдерді жуу процесі адамның екі минутын ғана алады. Ал, қалған жұмысты арнайы машина өзі атқарады. Көбіне тұтынушылар сауда нүктесіне келгенде кір машинасын таңдауда қателікке ұрынады. Біз өздеріңізге сапалы, әрі ұзақ уақыт қызмет ететін кір жуғыш аппараты жайында ақпаратпен бөлісеміз.

Біріншіден, киімді жүктеу түрін анықтап алғаныңыз жөн. Вертикалды жүктеуі бар кір жуатын машиналарды, әдетте қол жетпейтін  қиын бұрыштарда орналастырады, ол көбінесе қолданыста ыңғайлы  жерде орналасуы тиіс. Егер сіз пәтерде тұратын болсаңыз фронталды жүктеуі бар  кір жуатын  машина алсаңыз бос орынды есепке алуыңыз қажет.

Кір жуатын машиналар үшін стандартты көлемдер — биіктігі 85 см, ені 60 және тереңдігі  58 см деп есептеген дұрыс. Алайда, басқа да модельдер бар, олардың тереңдігі 35 см ден 60 см мөлшерін құрайды. Аса үлкен емес бөлмелерге көбінесе  енсіз машиналар шақ келеді. Енсіз кір жуатын машиналар 3,5 кг киім-кешекті сыйдырады, ал шағын 40 см  машиналар бір рет 4,5 кг-ға дейін жууға мүмкіндігі бар.

Ең күшті деп «А» тобының машиналары саналады, олар барынша киім-кешекті ұқыпты жуып, электр қуатын үнемдейді.  Қазіргі кір жуғыш машиналарда әр түрлі киім-кешекті (жүн, жібек, синтетика, кенеп және мақта) жууға арналған бірнеше стандартты бағдарламалар енгізіліп жатыр. Сондай-ақ қосымша бағдарламалардың қатары да бар, олардың болуы өндірушіге байланысты болып келеді.

Екіншіден, ең маңызды іс ол кір жуғыш машинаны іске қосу. Оның екі  нұсқасы бар. Ыстық және суық суға қосу электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді, бірақ бір кемшілігі, ол ыстық судың берілуі сапасының төмендігі болады.  Сонымен қатар, оның су құбырындағы температурасы тұрақты емес,  ал автоматта су белгіленген температураға дейін қыздырылады. Тек суық суға ғана қосу тиімдірек, алайда қатты суды жұмсарту үшін оған арнайы құралдарды қосуды талап етеді. Сондай-ақ су құбырына қосылатын кір жуатын машинаның түтікшесіне назар аудару қажет. Қатты құбыр мұндай қосылуға қажетсіз, себебі уақыт өте келе тербеліс әсерінен ол босап, аға бастауы мүмкін. Жинақта иілгіш түтікшелер болса онда кір жуғыш машинаңыз үзақ уақыт қызмет етеді.

Үшіншіден, кір жуатын машиналарды  тасымалдау туралы бір-екі ауыз сөз айта кетейік. Егер сіз жоғары сапалы тауар сатып алып, оны үйге жеткізгенше бүлдіріп алсаңыз, өкінішті болары анық.  Кір жуатын машинаны тік қалпында  тасымалдаған дұрыс, ал барабаны арнаулы тасымалдау бұрандалармен қатты бекітілгені абзал. Бұл бұрандамаларды кір жуатын машинаны орнатқаннан кейін лақтырмауға кеңес береміз, себебі олар бір пәтерден басқа пәтерге көшу кезінде керек болуы мүмкін.

Біздің кеңестеріміз сізге қажетті және жоғары сапалы тауарды таңдауда, сонымен қатар өз құқықтарыңызды қолдануда өз көмегін тигізеді деген үміттеміз.