Тараз. 30 қаңтар. 77news — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында  Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған оқу ордасының  студенттеріне арнап өткізілген жиында Елбасы Жолдауындағы сегізінші, яғни «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытындағы жүктелген міндеттер түсіндірілді. Жиын барысында білім беру жүйесіне енгізілген жаңа реформалар, озық жүйелер мен өзге де жаңалықтар ортаға салынып, студенттер өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ,  дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында Қазақстанның қолға алған «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастар арасында қызу талқыға түсті. Басқосуда денсаулық сақтау саласы және жұмыспен қамту мәселесі де назардан тыс қалмады.