Фото: votezde.org

Тараз. 31 қаңтар. 77news — 31 қаңтар күні 03:00-ден 17:00-ге дейін «Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Қазтелерадио» АҚ жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізуіне байланысты 31 қаңтар күні Астана уақытымен 03:00-ден 17:00-ге дейін телеарналардың хабарында үзіліс болуы мүмкін. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!», — делінген қазақстандық кабельді телевидение операторларының бірінің хабарламасында.