Фото: aktobe.kz

Тараз. 31 қаңтар. 77news — Ақтөбелік 8 жастағы бала Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Мұса Тұрқымбаев  сегіз жасында 42 рет турникке тартылып, чемпион атанды,- деп хабарлайды 77news.kz «Мой Город» сайтына сілтеме жасап.

Жоғарғы көрсеткіш Мұсаны үздіктер қатарына қосты. Осылайша 8 жастағы бала қазақстандық сарапшыларды таңғалдырды. Алайда 1-сынып оқушысы бұл нәтижемен тоқтайтын ойы жоқ. Ол көктемде әлемдік көрсеткішті асып түскісі келеді екен.

«Әзірше дайындалып жатырмыз. Мамыр айына қарай делегация келеді соларды осында күтеміз. Рекорд орнатамыз», — дейді әкесі Асхат Тұрқымбаев. Айта кетейік, Мұса турникке үш жасынан бастап тартылып жүр екен. «Бес жасында армрестлингтен 8 жастағы балалар арасында өткен жарыстарда жеңімпаз атанып жүрді. Ол бір рет тартылғанда 400 рет тартыла алады», — дейді әкесі.