Тараз. 31 қаңтар. 77news — Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы  18 наурызда өтетін президенттікке үміткерлердің құжаттарын қабылдауды тоқтатты. Бүгінге дейін мемлекеттің жоғарғы орынтағына отыруға 14  үміткер тіркелген. Оның ішінде Қазақстан тумасы Эльвира Агурбаш та бар, — деп хабарлайды 77news ақпарат агентігі РИА новости сайтына сілтеме жасап. 

Эльвира Агурбаш Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Құмшағал бекетінде 1975 жылы  15 наурызда дүниеге келген. Оның балалық шағы Тараз қаласында өткен.

Қырық екі жастағы Тараз тумасы  Эльвира Қалметқызы Мәскеу қаласында құқықтық білім алып,  «Атоминформ» Орталық ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкерлігінде жұмыс жасап, атом энергетикасы саласындағы заңнамалық нормаларды әзірлеуге өз үлесін қосқан.

Ол «Жасыл Альянс» партиясының атынан президенттік сайлауға түспекші. Эльвира Агурбаш өз кандидатурасын ұсынғанда Орталық сайлау комитеті оны әлі де Қазақстан азаматы деген болатын. Алайда, бұл дерексіз айыпты жоққа шығарды.

Эльвира Қалметқызы 1995 жылдан бастап Мәскеу қаласында тұрады. Үш баланың анасы.