Фото: elorda.info

Тараз. 1ақпан. 77news — Астана қаласында құрылыс салушылардың бірі Иманов және Брусиловский көшелерінің қиылысындағы үйдің мансардын пәтерге айналдырған. Алайда бұл пәтерлерге жылу жүйесі кірмеген екен. Осы пәтерде тұрып жатқан отбасы балаларын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр болған. Себебі үйдің іші қатты суық болған.  Бұл туралы тұрғын үй құрылысы бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы кезінде аталмыш Татьяна Чурсинаның айтқанын хабарлайды.

 Осыған ұқсас жаңадан салынып жатқан 19 пәтерде жылу жоқ.

«Ол жерде үйлердің іші қатты суық. Осы қақаған аязға шыдамай бір әйел балаларын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр болды. Үйдің ішінде еркін жүріп-тұру мүмкін емес еді. Жағдай міне осындай», — дейді Ведомство аралық комиссия өкілі Татьяна Чурсина.

Әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, бір жыл бұрын Иманов және Брусиловский көшелерінде салушылар әкімдіктің кезекті отырысына келіп, аталған аймақтағы техникалық ғимараттарды пәтерге айналдырғылары келетіндерін айтқан.

«Осы жерге салушы мен мердігерді шақырдық. Мердігер өзінің қателікке бой алдырғанын түсініп, ешқандай пәтер сатпаған. Объектіні толықтай тұрғызған соң ешқандай қателік жібермейді. Осының барлығы туралы жазылған ресми протокол да бар. Десе де, аталған объектіні салушылар қайта өзгерткен. Қазір осы мәселе құқық бұзушылық болып есептеліп отыр», — дейді Сергей Хорошун.

Салушының қателігіне бола тұрғындар пәтерлерді өз аттарына рәсімдей алмай отыр. Әкімнің орынбасары осы мәселеге қатысты комиссия құрып, оны жан-жақты талқылауды ұсынды.