Фото: аbsoluttv.ru

Тараз. 1 aқпан. 77news — «Тойото Мотор Қазақстан» компаниясы ұлттық құраманы қолдау үшін, сондай-ақ Қазақстанда Олимпиадалық спортты насихаттау үшін, 8 Toyota көлігін Ұлттық Олимпиада комитетіне берді.

Ұлттық олимпиада комитетінің еншісінде үш Hiace, екі Land Cruiser 200 және үш Camry болады. Автокөліктер Астанадағы Комитеттің және Алматыдағы ҰОК филиалының күнделікті ұйымдастырушылық іс-шараларында пайдаланылады.
2017 жылдың қазан айында Toyota компаниясы мен ҰОК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Оған сәйкес, Тойота 2024 жылға дейін Олимпиада ойындарында қазақстандық құраманы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі халықаралық жарыстарда қолдау көрсетуге ниетті. Компаниялар қазақстандықтардың спорттық рухын нығайту және олимпиадалық құндылықтарды ілгерілету үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады.