Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз. 1 ақпан. 77news — Жамбылдық жас спортшыларымыз елге жеңіспен оралды. Еске сала кетсек, Украинада өткен киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер арасындағы додада ұлттық құрама сапындағы Қуаныш Датқа мен Камила Кемелбекова жеңіс тұғырынан көрінген. Жеңіс туын жерге жықпай, көкке көтерген спортшыларды жерлестері зор құрметпен күтіп алды, деп хабарлайды 77news тілшісі.

Жаһандық жарыс 26-27 қаңтар аралығында Одесса қаласында өткен болатын. Әлемнің 21 мемлекетінен 250 жасөспірім қатысқан додада Қазақстан құрамасы жоғары көрсеткіш көрсетті. Соның ішінде, Жамбылдық жас саңлақтар алдыңғы қатардан көрінді. Айтар болсақ, 40 салмақ дәрежесінде Қуаныш Датқа  чемпион атанса, қыздар арасындағы жекпе жекте 44 келідегі Камила Кемелбекова 2 орынды місе тұтты. Жаттықтырушыларының айтуынша, жас спортшылардың әлі бағындырар бигі көп. Ал, қос бірдей спортшы мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді.