Фото: sports.kz

Тараз. 2 ақпан. 77news — Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға өтті, — деп хабарлайды 77 news.kz.  

Хабаровскте өтіп жатқан бендиден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті ойындарын жалғастыруда. Кеше ширек финалда жерлес спортшыларымыз Норвегия командасын 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Шешуші финалда қазақстандық бендишілер Швеция — Венгрия командалары арасындағы бәсекеден басым шыққан жақпен бақ сынасады.

Айта кетейік, жартылай финалы ойыны сенбі күні болады. Ал бендиден әлем чемпионаты -2018 байрақты бәсекесі 4 ақпан күні өз мәресіне жетеді.