Фото: vesti.kz

Тараз. 5 ақпан. 77news — Ресейдің Хабаровск қаласында допты хоккейден өткен 2018 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы үздік сұрмерген атанды. 

Турнир қорытындыларына орай, Қазақстан құрамасының капитаны Рауан Исалиев 21 доппен үздік сұрмерген атанды. Екінші орынды өзара бөлісіп тұрған Александр Колягин (Германия) мен Алмаз Миргазовтың (Ресей) есебінде 12 гол бар.

Айта кетейік,  әлемдік бәсекенің финалында Швеция құрамасын 5:4 есебімен жеңген айдын иелері чемпион болды. Қола медаль үшін күресте 4:8 есебімен финдерге жол берген Қазақстан құрамасы төртінші орынмен шектелді.