Фото: inform.kz

Тараз. 5 ақпан. 77news — Қазіргі кезде xалық арасында алтын құймаларға сұраныс жоғары болып тұр. Сондықтан ондай құймаларды валюта айырбастау бекеттерінде сату жоспарланып отыр, — деп xабарлайды ҚР Ұлттық банк.

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, қазіргі кезде бірқатар банктерде алтын құймалар сатылып жатыр. «Бұған дейін біз шағын құймалармен алтынды сатып алуға рұқсат берген едік. Қазір сұраныс жоғары. Сондықтан аталған бастаманы кеңейтіп, банк ұйымдарына жатпайтын мекемелерге, алдымен валюта айырбастау бекеттеріне де алтын құймаларды сатуға рұқсат беруді көздейміз. Өйткені валюта айырбастау бекеттері де банктер сияқты тиісті рұқсат куәліктерін алады, қауіпсіздік шараларын сақтайды. Олардың барлық операциялары бақыланады. Сондықтан заң жобасы аясында екінші деңгейлі банктерге қарамайтын валюта айырбастау бекеттеріне алтын құймаларды сатуға рұқсат беру көзделген. Әрине, ондай құймалар Ұлттық банктен алынады», — деді О.Смоляков бүгін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Бұдан бөлек, аталған құжат бойынша шетелдік банктердің филиалдарына резидент мәртебесін беру көзделіп отыр.