Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз. 5 ақпан. 77news — Синоптиктер ақпанның 6-8 аралығында ауа райы өзгеретінін айтты, — деп хабарлайды 77news.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«Демалыс күндері аяздың және қардың әлсіреуіне себеп болған циклон басылуда. Оның орнына антициклон қайта оралып, кезекті суық әкелді. Температураның төмендеуі шамалы және қысқа мерзімді болады. Алайда өткен аптада ауа температурасы нормадан 15-22 градус төмен болса, алдағы үш тәулікте сол нормаға жуық немесе 2-4 градусқа одан да төмен болады. Батыс облыстарда ауа температурасы әдеттегідей нормадан 3-8 градусқа дейін жоғары болады», — делінген хабарламада.