Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз. 6 ақпан. 77news — Тараз қаласында үстел теннисінен республикалық чемпионат басталды.  Байрақты бәсекеге еліміздің 13 облысынан және Астана мен Алматы қаласынан келген 140-тан аса спортшы бақ сынап жатыр, — деп хабарлайды 77news тілшісі.

Шапшаңдық, дәлдік, зеректік үстел теннисіне қойылатын  басты талаптардың бірі. Чемпионатқа келген қатысушылар бәрі бабында екені байқалады. Айта кету керек, тартысты бәсеке 5 күнге созылады. Жарыс ересектер арасында жекелей әрі командалық есепте өтпек. Бәсекенің негізгі мақсаты таланттыларды тауып Ұлттық құрама команда сапына іріктеу. Ал, жастардың жүйелі түрде спортпен шұғылдануын, салауатты өмір салтын ұстануы біздің  басты назарда,- дейді ұйымдастырушылар.

Айта кету керек, «Олимпик» спорт кешенінде өтіп  жатқан жарысқа кіру тегін. Ал жеңіпаздар мен жүлдегерлердің  есімдерін алдағы жұмыс күні білетін боламыз.