Фото: inform.kz

Тараз. 6 ақпан. 77news — Қанат Сахариянов Atameken Business Channel телеарнасының бас директоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (ҰКП) сілтеме жасап.

Ол бұған дейін Atameken Business Channel Бақылау кеңесінің төрағасы және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры қызметін атқарған еді.

Қанат Сахариянов сондай-ақ әр жылдары «КТК» телеарнасының бас директоры, «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының орынбасары, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ның бас директоры қызметтерін атқарған.

Atameken Business Channel — бұл екі қала: Астана мен Алматыдан ақпарат тарататын тұңғыш қазақстандық бизнес телеарна. Atameken Business Channel интернет пен телевизия сынды негізгі контентті платформаларда бар.Телеарна Қазақстандағы, сонымен қатар ЕАЭО, ТМД және әлемдегі  іскерлік ақпараттарды таратушы ресурс. Студияның қонақтары жетекші сарапшылар — бизнесмендер, кәсіпорындар басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары.