Фото: Progorodsamara.ru

«Қазсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны Алматы қалалық филиалыны басшысы Мұхамадиев пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Ол тергеп-тексеру шаралары кезінде терезеден секіріп кетіп, қайтыс болды деп хабарлайды Ұлттық бюро баспасөз қызметі.

Мұхамадиев мердігер ұйым өкілінен келісімшарттар мен орындалған жұмыстар бойынша құжатқа қол қойғаны үшін 17,4 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған.

Ол жоғарыда көрсетілген соманы бөліп-бөліп алып отырыпты.

Мұхамадиев 2 ақпан күні сағат 22:23 шамасында қалған 400 мың теңгені алып жатқан жерінен ұсталған.

3 ақпан күні сағат 08:34-те күдіктіні қосымша тексеру үшін департаменттің әкімшілік ғимаратына алып келген.

Ал 09:02-де ол департаменттің төртінші қабатындағы қызметтік кабинет терезесінен секіріп кетеді.

Биіктіктен құлаған Мұхамадиев алған ауыр жарақаттарының нәтижесінде сол жерде көз жұмған.

Аталған факті бойынша Талдықорған қаласындағы құқық қорғау қызметкерлері «Өз-өзін өлтіру халіне жеткізу» бабымен сотқа дейінгі тексеру амалдарын жүргізуде.