Тараз. 6 ақпан. 77news — Атағы жер жарып, аз ғана уақытта барша қазақ елін өзіне жанкүйер еткен «Ұлы дала баласы» Төреғали Төреәлінің мастықтан ба, жастықтан ба әйтеуір соңғы кезде шалалығы көбейіп кетті. Халықты да, өнердегі ағаны да, үзеңгілес досты да сыйлауды қойғандай. Ғаламторды ашсаң Төрештің былығынан бас ала алмайсың. 

«Семіздікті қой ғана көтереді.» Бұл Төреғалиға айтылған сөз секілді. Халық қолпаштап, абыройын арттырған сайын «Ұлы дала баласы» сый құрметтен жұрдай болып бара жатыр. Таяуда ғана дүйім жұртты дүр сілкіндірген Төреәлінің ұлы енді Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев ағамызды өкпелетіпті.

Алтынбек ағамыздың 70 жасқа толған мерейтойлық концертінде атышулы Төреғали «Сен болмасаң» әнін Мөлдір Әуелбековамен орындауы керек екен. Бірақ Төреғали «Уаде — құдай сөзі» деген қағиданы естен шығарған сияқты.

Фото: stan.kz

“Төреғалисыз да менің концертім өткен. Талай-талай концерттерім өткен. Енді, ол жігіттің әкесі екеуінің істеп кеткені қиянаттау болды кішкене. Бір тиын-тебен үшін мені айырбастап кеткені үшін мен емес,  менің елім кешірмейтін шығар оны”, – дейді Қоразбаев. Рас-ау халықтың ұлын сыйламағанды, халықта сыйламайды.

Төреғалисыз да Алтыекеңнің коцерті тап-тамаша өткен. Қасында қос шәкірті Тоқтар мен Мейрамбек бар. Ал, сазгердің «Сен болмасаң» әнін Қыдырәлі мен Қарақат орындап шықты.

Бірақ Төреғали Алтынбек ағаға қиянат қыла жүріп, компазитордың аталмыш туындысына бейнебаян түсіріп, халық ықыласына бөленіп жатты. Аманатқа қиянат қылып қалай ұйықтап жүр екен?!

Фото:Kaztube.kz

Уадесінде тұрмаған Төреғалидың бұл алғашқы қылығы емес. Ол белгілі композитор Қалдыбек Құрманәліні де талай рет алдаған екен. «Шәмші әндеріне» шақырту алған ол соңғы секундқа дейін келем деп, сөзінде тұра алмаған. Бұл жөнінде Қалдыбек аға былай дейді: «Төреғалиге менің де өкпем бар. Мысалы, қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың қаншама концертіне шақырғанмын. Әкесі де, өзі де уәде берген. Қатысамын деп қояды. Жарнамаға қосып қоясың, атын пайдаланған сияқты боласың. Бірақ концертке келмейді. Соған қарағанда көбірек ақша төлейтін жерлер бар шығар. Бірақ ұлы тұлғалардың кешіне қатысамын деп қойғаннан кейін, ол қатысу керек. Тойдан да ақшадан да қымбат дүниелер бар. Ол адамның ары, тазалығы.»

Төреғалиге алданған Қалдыбек ағамыз халық алдында талай қызарған көрінеді.

Бұл туындыны Төреғали «Найзағай көңіл» әнінің авторы жас композитор Үкітай Ерниязовтан алған. Сосын сөзін ауыстырған, мұны Бекарысұлы әншіге ескерткен екен. Ол қателігін мойындап, Әл-Фараби нұсқасында да жарыққа шығаратынын айтқан. Алайда баяғы жартас сол жартас қалпы уәдеде тұрмаған.