Фото: Taxi.kz

Тас лақтырсаң таксиге тиеді. Яғни, қазір кез келген темір тұлпар тізгіндеушісін такси жүргізушісі десек қате айтпаймыз. Бұл бір жағынан қосымша табыс көзі. Бірақ ол «жүргізушінің құжаты дұрыс па, көлігі техникалық бақылаудан өткен бе?» Бұл жағы бізге беймәлім.

Өңірімізде 10-ға жуық такси орталығы бар екен. Алайда, тұрғындар кәсіби такси жүргізушілерін шақыртқаннан гөрі, жол жиегін жағалай тұрып алған әуесқой таксиге құмар. Бұл кезде жеткізушінің техникалық мүмкіндігі ескерілмейді. Тұтынушы құқығы қорғалмайды. Ал, олар көшеде жүріп әжептәуір табыс табады. Бірақ ешқандай да салық төлемейді. Әрі олардың лицензиясы бар-жоғын тексеретін де жан баласы жоқ. Облыстық жүргізушілер одағының қызметкерлері, «2013 жылға дейін, тоқсан сайын, автокөлігін техникалық бақылаудан өткізуге 2000-дай такси келетін» дейді. Ал, қазір бір жылда бір-екеуі ғана темір тұлпарын тексертеді екен. Бұл дегеніміз, әуесқой таксимен жүру қауіпсіз емес дегенді білдірмейді.

— Жол жүру заңы бойынша такси болу үшін кемінде үш жылдық еңбек өтілі болуы шарт. Күніге жолға шығар кезінде медициналық тексерістен өтуі тиіс, —  дейді облыстық жүргізушілер одағының басшысы Амантай Досмағанбетұлы.

Қаларалық автобустан түскен жолаушыға жармасатын такси жүргізушілер бұл іске әбден машықтанып алған. Сол сияқты қала сыртына такси қызметін ұсынатын шопырлар бағаны да өздері белгілейді. Ал бұған құзырлы органдар тоқтау сала алмай отыр. Қатаң шара қолдандық дегеннің өзінде айыппұл салудан ары аса алмайды.

«Қиындықтар жоқ емес. Себебі, тіркелмеген таксилерде қала ішінде жүріп жүреді. Ол таксилерге айыппұл салатын мүмкіндігіміз жоқ. Сондықтан біз жұмысшы топ құрып,  айыппұл хаттамаларын толтыратын боламыз,» — дейді жолаушылар көлігі бөлімінің  басшысы Нұржан Керімбеков.

Халықтың көбі, егер біз такси қызметін пайдалансақ, онда бұл жағдайда біз тұтынушылардың ешқандай құқықтарын қолдана алмаймыз деп ойлайды. Алайда, олар қатты қателеседі. Таксидің жолаушылары автобустың, пойыздың немесе ұшақтың жолаушылары сияқты. Егер сіздің құқықтарыңыз тұтынушыны тасымалдау қызметі ретінде бұзылатын болса, сіз толықтай өзіңіздің құқықтарыңызды қорғай аласыз және әділдікке қол жеткізуге болады. Сіз қаласаңыз болды, оның бәріде Заңда реттелген.

«Автомобиль көлігі туралы» Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдаудың негізгі басымдылығы адамдар қауіпсіздігінің, олардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың,  табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы cаналады.  Сондықтан, біріншіден такси жүргізуші таксопарктің ресми қызметкері ретінде оның сотталмағандығы жіті тексерілуі керек, сондай-ақ аса қауіпті және психикалық аурулар тұрғысында оның денсаулығы тексерілуі тиіс.  Таксопарктерде осындай ережелер ұстанбай, бірнеше сұмдық жағдайлар орын алған. Айталық, таксидің сотталған  жүргізушісі жас қызды тонап, өлтіріп кеткен, сондай-ақ туберкулездің ашық түрімен ауыратын такси жүргізушісі анықталған. Сонымен бірге жүргізушінің наркотикке немесе алкогольге тәуелділігі жоқ екені ресми дәлденуі тиіс. Өйткені, мұның бәрі жолаушының қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

Таксиде қауіпсіз жол жүру тек арнайы такси қызметін қолданған кезде ғана орындалады. Арнаулы такси қызметін шақырып, жетер жеріңізге жолға шыққан да оның тарапынан бұзылған қандайда бір заң бұзушылық байқасаң, заң орнына шағымдана аласың. Құқығыңыз қорғалып, қауіпсіздігіңіз қамтылады.

Сондықтан, кез-келген салада атап айтқанда таксиде жол жүру де немесе жүк тасымалдау да сіз өзіңіздің құқығыңызды толықтай қорғай алатынызды есте сақтаңыз. Уақыт өте келе жауапсыз тасымалданушылардың саны едәуір азаяды, бәлкім  түбегейлі жойылады. Алайда бұл бірінші кезекте әрбір тұтынушыға және айналамызда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамауымызға байланысты болады.

Сондай-ақ таксиде ұсақ жануарлар мен құстарды себеттермен, торлармен немесе  түбі тұтас сөмкелермен тасымалдауға рұқсат етіледі. Таксиде ұсақ жануарлар мен құстарды тасымалдауға тек мұндай тасымалға жүргізушімен басқа жолаушылар келісетін болса ғана рұқсат етіледі.

Егер таксидің жолаушысы таксимен қызмет көрсету сапасына көңілі толмаса, онда ол такси қызметін көрсететін  кәсіпорынға (жеке кәсіпкерге) шағыммен жүгінуге құқылы. Шағымда көрсетілген Сіздің талаптарыңыз қанағаттанбаған жағдайда кәсіпорынның орналасқан жері бойынша сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

Аят АСҚАРБЕКҰЛЫ