Фото: Nur.kz

Тараз. 7 ақпан. 77news — Қысқы олипиада ойындарына Қытай елінің атынан қазақ ұлы қатысатын болады. Бұл жолғы олимпиадаға қытай атынан 86 спортшы барады, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі eduinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

 Аршынғазы Шәкенұлы 1995 жылы 18 шілдеде Қытайдың Шин Жияң өлкесі Үрімжі ауданында дүниеге келген.

 

Аршынғазы 2010 жылы Өлкелік Кәсіптік спорт техникасы институтының мұздан сырғанау мамандығына оқуға түседі. Сол жылы Шин Жияң өлкесінің құрамасына қабылданады. 2010-2017 жылдар аралығында қытайдың ішкі біріншіліктеріне сан мәрте қатысқан Аршынғазы, талай мәрте жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 1500 метрден бірнеше рет Қытай чемпионы атанды. 10 000 метрден бір рет ел чемпионы атанды. 3 000 метрге топтық сырғанаудан бір рет ел рекордын жаңартты.