«Astana Arlans» бокс клубының бас менеджері — Бақтияр Артаев

0
57
Фото: Inform.kz

Тараз. 7 ақпан. 77news — Бақтияр Артаев «Astana Arlans» бокс клубының бас менеджері қызметіне тағайындалды,- деп хабарлайды 77news.kz Туран инфо сайтына сілтеме жасап.

Ол — 14 наурыз 1983 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келді (Қазақ ССР). 2004 жылы бокстан Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогінің иегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2005, 2007), Азия Ойындарының күміс жүлдегері, 7 дүркін Қазақстан чемпионы, Халықаралық дәрежедегі еңбек сіңірген спорт шебері.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған. 2014 — 2016 жж. Ұлыбританияда бизнес менеджмент курстарын аяқтаған.

Қазіргі танда Қарағанды Экономикалық университетінде, экономика саласы бойынша жергілікті басқару мамандығының магистратурасында білім алуда.

Олимпиада чемпионы алғашқы еңбек жолын 2008 жылы Б.Артаев атындағы бокс сарайының директоры болып бастады. Содан кейін 2008-2009 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің әкімі, 2009-2010 Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2011 жылы Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2012 жылы 24 желтоқсанда «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының президенті, 2013 жылдың қараша айында Дүниежүзілік бокс сериясы комиссиясының мүшесі болып тағайындалды. 2016 жылы желтоқсан айында «ТАРЛАН БАТЫРЛАРЫ» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарды.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1-ші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған, «Дарын» сыйлығының иегері, Грекия республикасының құрметті азаматы, Тараз қаласының құрметті азаматы.

Біздің жаңалықтарды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!