Фото: sportsffa.kz

Тараз. 77news — «Уфаның» бас бапкері Сергей Семак AllUfa.ru сайтына берген сұхбатында қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет туралы айтып берді, — деп хабарлайды 77news ақпарат агентігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол техникалық тұрғыда жақсы шыңдалған, ақылды ойыншы, қазіргі футболда бар талаптарды барынша жылдам игеріп кете алады. Сондықтан тәжірибесі бүгінгіден молая түсіп, біздің клубқа жақсы нәтижелер көрсетуге көмектесетініне сенемін», — деді Семак. Сейдахмет «Уфа» құрамында үш жолдастық матч өткізді — кипрлік «Алки» (7:0), польшалық «Висла» (Плоцк) (1:0) және чехиялық «Слованға» (2:3) қарсы.

Таяуда әлеуметтік желілерде «қазақ Мессиі» клубқа жарамай қалғаны туралы ақпарат тарай бастаған. Алайда, мұны футболшы жоққа шығарды. Сейдахмет «Уфамен» кәсіби келісімшартқа Кипрдағы жиыннан кейін қол қоятынын атап өтті.