Тараз. 77news — Қоғамдық көлік тасымалдаушылары, жол ақысын  көтеруді талап етуде. Тығырыққа тірелдік дегендер, жанар майдың қымбаттығы әбден қысты, — деп дабыл қағуда. Оған қоса жөндеу қызметтері де шамадан тыс шарықтаған. Сондықтан, былтыр ғана өскен жүру ақысын, 90 теңгеге көтерсін деп отыр, деп хабарлайды 77news АА.

«Әулиеата-Транс-ПАС» серіктестігі 1981 жылдан бастап өңір халқына үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан мекеме. 20 бағытта 200 ге жуық автобусты бағыттап отырған серіктестік, бүгінде 260 жүргізушіні жұмыспен қамтып отыр. Бірақ, күрмеуі қиын мәселе көп мұнда. Алғашқысы, жол жүру бағасының төмендігі. Баға жыл бұрын өзгергенімен, келген пайда кем, — дейді. Былтырдан бері жанармай бағасы шарықтап кеткен. Оған автобусты жөндеу секілді қызмет құнын қосыңыз. Әрі техника ескірген сайын, қирандыға айналып қыста да жүруі қиындап отыр.

Автопарк басшылығының айтуынша, қазір пайданы ойламақ түгілі, шығын ұйығынан қалай шығудың жолын таппай бастары қатуда. Сол үшінде күндікке белгіленген тарифті төмендетуге тура келеді. Ал, ол 2012 жылдан бері алынған 200 автобустың төлемін төлеуге келмейді. Тығырыққа тірелдік деген мамандар, жол жүру билетін  65 теңгеден 90 теңгеге көтерсе дейді. Болмаса, шаһар әкімдігінен қосымша субсидия бөлуін сұрап отыр.

«Ауруын жасырған өледінің» күйіне түспейік деген серіктестік басшылары, өткен жылдың аяғында облыс әкімдігіне ұсыным да түсірген екен. Бірақ шақыртып, шаруа сұрар жан болмаған. Ендігі істері, тек жаңа әкімнен жәрдем күту ғана болып отыр.

Біздің жаңалықтарымызды Тelegram парақшасынан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!