Кәрім Көкірекбаев Қырғызстанға кетті

0
29

Тараз. 77news — Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев 1957 жылы туған. Алматы теміржол көлігі институтын жол қатынастары инженері мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, «Құрметті теміржолшы».

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздар оқи аласыздар! Жазылыңыздар!