фото:pxhere.com

Тараз. 77news — Ақмола облысында Атбасар қаласында канализациялық құдықтан сәбидің мәйіті табылды, — деп хабарлайды 77 news.kz  Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Сәбидің денесін сәрсенбіде «Атбасар су» қызметкері құдықты жабатын тетікті тексеру кезінде тапқан», — деп жазады агенттік.

Мәлімет берушінің айтуынша, қыз баланың үстінде күртеше, жаялық және комбинезон болған. Баланың жасы — шамамен 1-3 ай. Салмағы — 5 келі.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ауданда тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, олар жергілікті аурухананы тексеріп, соңғы айларда босанған барлық әйелді анықтауда.