Фото: avia.tutu.ru

Тараз. 77news — Биылдан бастап Мәскеуден Таразға және Көкшетауға, сондай-ақ Новосибирск-Павлодар бағытына тікелей рейстер ашылады, — деп мәлімдейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«29 сәуірден бастап «Сібір» тасымалдаушы авиакомпаниясы аптасына екі рет Москва — Тараз бағытында және  1 маусымнан бастап аптасына екі рет Москва–Көкшетау бағытында тұрақты түрде Аэробус 319/320 ұшағы қатынайтын болады», — деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың 30 мамырынан бастап әуекомпания ұшақтардың ұқсас типтері бойынша аптасына 2 рет рейстер жиілігімен Новосибирск-Павлодар бағыты бойынша тұрақты рейстерді бастауды жоспарлап отыр.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!