Фото: ҚР СІМ

Тараз. 77news — 2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз баруға болады, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі ҚР-дағы БАӘ елшілігінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Бауырлас Қазақстан халқын құттықтаймыз. 10 наурыздан бастап БАӘ жеріне 30 күнге дейін визасыз қатынауға болады. Сапарларыңыз сәтті болсын», — деп жазылған елшіліктің Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне барлық төлқұжат түрімен визасыз қатынау жөніндегі келісім жасалғанын мәлімдеген болатын. Аталған құжатты БАӘ барлық әмірлігі мақұлдаған.

Қазақстан және БАӘ 2017 жылғы мамырда қол қойылған екі ел азаматтарын, ұлттық төлқұжат иелерін 30 күнге дейін визадан босатуды көздейтін келісім бойынша ішкі мемлекеттік процедураларын аяқтады.

Келісім 2018 жылдың 10 наурызында күшіне енеді.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!