Фото: baq.kz

Тараз. 77news — Қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарысты алғашқылардың бірі болып бастаған қазақстандық спортшы Юлия Галышева фристайлдың могул түрінен финалға шықты, — деп хабарлайды 77news AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандық спортшы Юлия Галышева могулден іріктеу жарысын сәтті бастады. Жарыс қорытындысы бойынша 76,36 ұпай алған ол 7-орынға тұрақтады. Осылайша ол үздік 10 спортшы қатарынан көрініп, бірінші мүмкіндігінен-ақ финалға жолдама алды.

Юлиядан бөлек 16 жастағы Аяулым Әмренова осы спорт түрінен жарысты бастады. Алғашқы мүмкіндігінде 26-орын алған ол финалдық сынға шыға алмады. Дегенмен спортшы қызымыз 11 ақпанда өтетін іріктеу сынында тағы бір мүмкіндігін байқап көреді.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!