Фото:Lentaregion.ru

Тараз. 77news — Үндістаннан Алматыға келген 10 туристтен қауіпті тырысқақ ауруы табылған. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимованың қатысуымен өткен брифингте белгілі болды, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі.

Оның ақпаратынша, авиарейстер ашылған сәттен бастап тікелей Алматы қаласынан Үндістанға және Нью-Дели мен Гоадан 17 000-нан астам жолаушылар ұшып келген, соның ішінде 4 322-сі Үндістан азаматтары екен. Қазіргі уақытта Алматы қаласында 10 тырысқақ ауруын жұқтырған адам тіркелген, олардың ішінде 8-і Алматы қаласының азаматы, 2 – Үндістан Республикасың азаматы. 10 жағдай тырысқақтың 5-еуінде қауіпті – токсигенді түрі, 5-еуінде – токсигенді емес түрі.

2017 жылдың 22 қарашасында туристік топтарын алып келген Дели қаласы (Индия) Prasad SantoshMr туристік фирмасының басшысымен саяхаттаушыларға эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету туралы, соның арқасында 2017 жылдың 22 қарашасынан бастап Үнді саяхатшылары Қазақстанға туристік сапарға шығар алдында міндетті түрде медициналық куәләндыруы туралы келісім жасалынған; ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне Алматы қаласының тұрғындарына төнген қауіп және оның бетін қайтару мақсатында Индия мемлекетінен келетін туристердің келуіне арнайы санитарлық ережелерінің талабына сай шектеу қоюдың қажеттілігі туралы ақпарат жолданды.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!