Фото: Аймырза Қалембаев

Тараз. 77news — Құландық жер кезегіндегі тұрғындарға 2000-ға жуық жер телімі берілуде.  Бүгінде инфрақұрылымы даярланған телімдердің 150-ден астамы ел игілігінде. Биыл тағы 370 жер бөлігі кезекте тұрған азаматтарға табысталмақ, — деп хабарлайды Т.Рысқұлов ауданының әкімі Асқар Қырықбаевтың есебін тыңдап қайтқан 77news тілшілері.

Бұдан өзге, тасы өрге домалаған сан саладағы табыстарды, жылды қортындылаған аудан басшысы мәлім етті. Асқар Санатұлы халықтың алдында, жеткен жетістіктерді санамалап, келер жылға жоспарланған көңілге қонымды жаңалықтарымен бөлісті.

Есебін түзеп,еңсесін тіктеп халық алдына шыққан басшы, алдымен ауыл шаруашылығынамән берді. Егістен еселеп егін алдық деген әкім, 322 гектар жердің әр гектарынан 150 центнерден өнім алыпты. Жаңа технологияны да еңсерген. Бүгінде 55 гектарды тамшылатып суарса, тағы 300 алқап жерді, жаңбырлатын суаруда. Судан тарлық көрмеу үшін, жоспарланған 7 құдықтың орнына, 27 дана артезиян құдықтары қазылған екен. Мал шаруашылығына да мән берген мекенде, мемлекеттік бағдарлама аясында мал басының саны артып отыр.

Есеп қисаптың арасынан,әкім елге тағы біртабысты таныстырды. Ол аудан бюджетінің артуы. Айтуынша, аймақ қаржысы алдығы жылдан 341млн теңгеге айтарлықтай артқан. Бұл өз кезегінде, жаңа бастамаларға бастап отыр. Аймақта, 9000 шаршы шақырымды құрайтын 94 үйпайдалануға берілген. Нұрлы жер бағдарламасымен беріліп жатқан, Луговой ауылына қарасты Арай алқабының жерлері толықтай инженерлік-инфроқұрылыммен қамтылған. Бүгінде халық игілігін көруде.

Ауданда инвеститция жайы да жоспарлы жолға қойылып отыр. 48 млрд 600 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Онда 2 мыңнан астам тұрғын тұрақты жұмысқа қол жеткізбек. Солардың бірі жеміс-жидек өсіруді қолға алған «СПК Тараз» ЖШС-гі мен «Astana Food Storage» серіктестігінің бірлескен жобасы. Құлан ауылының оңтүстігінде 1000 га алаңға жоспарланған өндірістің, қазір 10 пайыз жұмысы басталып кеткен.  Полшадан арнайы алдырған көшеттерден жылына 45 000 тонна өнім алуға болады дейді мамандар.

Сан салада серпін көрсеткен ауданда,құрылыс саласы да қалыс емес.Мерзімі өткен білім, медицина салаларының ғимараттарына қаржы қарастырылып, жаңалары бой көтеруде. 592 млн теңгеге маңызы бар 3 аудандық автомобиль жолдарының да құрылысы биыл өз мәресіне жетпек. Шағын бизнесте де шарықтау бар. Ауданда олардың саны 3739-ды құраған. Сандарды сөйлетіп, есебін еселеген ел басшысы осылайша есеп берді. Халықты жаңа жылда жаңа табыстарға біріге жетуге шақырды.